ТЕБІРЕНІС

lat: TEBİRENİS

з а т. Жан толқуы, толғаныс, күйзеліс. Оның жан дүниесінде бір т е б і р е н і с болғанын ішім сезді (Н.Ғабдуллин, Сар. жапырақ). Мен ерекше бір т е б і р е н і с үстінде отырмын (Ж.Алтайбаев, Сыпырғыш). Оның туған жерге деген жүрек т е б і р е н і с і н осы қоңыр ыңылы айтып жеткізіп жатқандай (Е.Салихов, Алақан). Т е б і р е н г е н ел батырға Осылайша ант етті. Тасыған күш бұрқанып, Тау мен тасты тебірентті (О.Шипин, Дастан.). Көл қарайлап, Жүрмін ғой қия алмай да, Тебіреніс көп шабытшыл құмар жайда. Әкетер ем арқалап Алатауды, Болады ғой қиянат Тұманбайға (К.Салықов, Жезкиік.).