Тебіс етістігінің қимыл атауы. – Шаңырқап келіп, астауға бас қойған жылқы ғой мыналар, – дейді Әлжан. – Бірін-бірі қағып, тістелеп, т е б і с у і н қарашы! (Ғ.Мұстафин, Дауыл.). Сүйектің сынуы негізінен ұрып-соғудан, малдың сүзісуінен, т е б і с у і н е н, жығылуынан болады (Ғ.Әбішев, Мал. жарақат.).