ТЕЖЕУ

lat: TEJEÝ

Теже етістігінің қимыл атауы. Жоқ, өмірдің дамуының өз заңы бар, оны т е ж е у г е болмайды, ол өзін адамға мойындатады (Н.Ғабдуллин, Сар. жапырақ). Өксігін баса алмай тұрған Гүлжан теріс айналып өзін өзі қалайда т е ж е у г е күш салады (М.Дүйсенов, Гүлжан.). Көпке дейін т е ж е у мүмкін болмады Ұлан-асыр қуаныштың тасқынын. Өте орынды соғылды бұл шапалақ, деп сөз алды тостаған көз жапалақ, Біз де өнерін қадірлейміз бұлбұлдың, Бірақ аз-мұз шатағы бар құрғырдың, Қараңдаршы, бір қанаты қырқылған, Балақ жүні ұйпаланған, жыртылған, Достарым-ау, жатқан жоқ па осында, Бет қызартар үлкен істің былығы? (М.Шаханов, Ғасыр.). Күлгенде денеңмен, қасыңмен Қызуын т е ж е у д і қойды аптап. Жүрсің сен, ақ бота, жас інген, Көзімнің алдында ойнақтап (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә). Адам су ресурстарын есептеп бөлуді, ірі өзендердің ағысын өзгертуді, орасан көлемді сусыз жерлерді суландыруды, өзендер ағысын бөгеттер салып т е ж е у д і жєне реттеуді жєне т.с.с. көптеген єрекеттерді жүзеге асыруда, яғни ол табиғаттағы мәңгілік су айналымына өз үлесін қосып отыр (Т.Қалыбеков, Экология және ашық кен.).