2 ү с т. 1. Құр-бекер, босқа, жай. Қандай қызда ләззат бар жан татпаған, Сұлуы бұл заманның т е к жатпаған (Абай, Тол. жин.). Баланы ең қажытатын нәрсе – т е к отыру (М.Жұмабаев, Шығ.). Сөйтіп мысық топыр қып, Демін алып отырды. Сөз сөйледі бұлайша: «Жүрсейші иттер т е к босып, Олар – тышқан, мен мысық, Жеңеді олар қалайша?! (М.Жұмабаев, Шығ.). 2. Тегін, ақысыз, ештеме бермей. Бай алады кезінде көп берем деп, Жетпей тұрған жерінде т е к берем деп (Абай, Тол. жин.). Назым сүйсе Қамбарды, Шақыртып алып берелік, Мал алмай-ақ т е к деді (Қамбар батыр).