4 о д. «Қой!», «тыныш!» деген тәрізді тежеу мағынасында қолданылатын сөз. – Т е к, аңдап сөйле, Дәрмен! (М.Әуезов, Абай.). – Т е к, шырағым, ол не дегенің. Келмей жатып балалардың арасында жаяу селтеңдеп қайтесің (С.Сейтхазин, Хадиша). – Т е к, о несі! Ең жақсы таяқтарды отқа жаққаны несі? – деді (Ә.Сәрсенбаев, Теңіз.). Ит үрсе, бала Таяғын ала қуады итпен кектесіп, Ұрысқансып “ой” деп, “Ұят” деп, “қой” деп. Үлкендер тыяр “т е к” тесіп (Абай, Тол. жин.).