з а т. Тексеру ісі. Ата берсе баласы молда болар, Қиямет күн т е к с е р і с і н д е болар, Ғазап қылар құдайым сен емесі (Кердері Әбубәкір, Қазағым.). Ауданнан адамдар келіп, талай рет т е к с е р і с жүргізіп, әлек-шәлегін шығарды (С.Жүнісов, Жапанда.). Т е к с е р і с кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметін, лауазымды адамдардың қызмет бабындағы іс-әрекетін, құжаттардың, заңдардың, ережелердің, нұсқаулықтардың сақталуын, құжаттарда жағдайдың шынайы көрсетілуін, жолсыздықтың, бұрмалаушылықтың болмауын, тауар-материалдық құндылықтардың құжат жүзінде тиянақталуын уәкілетті органдардың бақылау тұрғысынан тексеруі (ҚҰЭ). Т е к с е р і с кезінде заң бұзушылық фактілерінің кездеспеуі – сенімге ие болудың басты кілті («Нұр Астана»).