ТЕЛІН

lat: TELİN

е т. 1. Төлі өлген малға басқа төлдің емізілуі. Ауызданбай, т е л і н б е й, ембей қалған бірде-бір қозы жоқ болса, сонда ғана олардың жаны байыз табады (Қ.Нүсібалиев, Қарышта). Ботасы өлген інгенді ботасы өлмеген інгеннің ботасына т е л і г е н і н айтады азақша мал атаулары). 2. Әртүрлі өсімдік бұтақтарының бір-біріне будандастырылуы. Т е л і н е т і н екі өсімдік тегі жағынан біріне бірі неғұрлым жақын болса, олар соғұрлым оңай т е л і н е д і (Т.Мұсақұлов, Ботаника). 3. а у ы с. Әйелдің ер кісіге қосақталуы. Түрмысқа шығуы. Қыз сорлылардың шалға т е л і н і п, жат босағаны жастанғанымен, өздерінің сол жігіттеріне деген сүйіспеншіліктерін жүректерінің түкпіріне түйіп, өмір бойы жадында сақтап қалғанын білсін (Ә.Нұршайықов, Махаббат қызық мол жылдар).