1 с ы н. 1. Екі енені бірдей қатар емген (төл). Жапырағы жайқалып, Бұлғақтайды, соқса жел. Жан-жағынан күркіреп, Құйып жатса аққан сел, Оның малы өзгеден, Өзгеше боп өсер т е л (Абай, Тол. жин.). Сабырды екі енені бірдей емген т е л қозы десе де болады, - деп, бір күліп алды Бөкең («Лен. жас»). Екі енеге т е л құлын сияқты бүйірі бұлтиған жандаралдың қасында Сапақ уызға тоймаған жетім қозыдай көрінеді (С.Талжанов, Ұлдай.). Екі енені т е л соруды төл ғана көреді дейсің бе (X.Есенжанов, Көп жыл.). 2. а у ы с. Қатар, бірге; тең. Дүниедегі қуаныш, – Бір азғантай жұбаныш. Оның түбі бір налыс, Қайғы мен рақат т е л еді (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Ақындық кеңшілікпен т е л табысқан, Қос өнер – қос қанатым, ел қонысқан. Әрі жар, Әрі сепшіл, Сен ортақсың Менде бар қуат, жігер, ар-намысқа (К.Салықов, Жезкиік). Бір белеске шыққанда, Т е л көлдің көрдік аңғарын. Өмілдірік омырауда, Құйысқан қақты қоңырауын (О.Шипин, Дастан.).