з а т. Электр қуатымен сым арқылы алыстан сөйлесудің техникалық аспаптар жүйесі; микрофоннан шыққан электр тербелістерін дыбыс тербелістеріне түрлендіруге арналған электроакустикалық аспап. Ветков екінші батальонның штаб бастығы лейтенант Коломейцевпен т е л е ф о н арқылы сөйлесе бастады (М.Ғабдуллин, Сұрапыл.). Мысалы, оның қаламынан шыққан мақалаларда пулемет, т е л е ф о н, телеграм деген сияқты сөздерді кездестіреміз (А.Байтұрсынов, Тіл тағылымы). Аэроплан, т е л е ф о н, грамофон, электр, радий мен магнит ісін. Терең оймен тексермес надандарды Дегізген: сайтанбысың, тәңірімбісің (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Т е л е ф о н д а электр тербелістерін дыбыс тербелістеріне, дыбыс тербелістерін электр тербелістеріне түрлендіру микрофон көмегімен атқарылады. Т е л е ф о н электро-магниттік, электрдинамикалық және пьезоэлектрлік болып бөлінеді. Қазіргі кезде электоронды есте сақтау құрылғысымен жабдықталған телефон аппараттары бар (ҚҰЭ).