ТЕЛЕГРАФ

lat: TELEGRAF

з а т. 1. Электр қуатымен сым арқылы не сымсыз алысқа хабар жеткізетін құрылғы. Попов ғылым мен техника тарихында сымсыз т е л е г р а ф т ы ойлап тапқан атақты ғалым, әрі педагог («Халық мұғ.»). Радист есіктен ентіге кіріп, т е л е г р а ф т ы ң тұтқасына қолын апарған бойы қарқылдап күліп жіберді (Ә.Сәрсенбаев, Капитан.). Алынған шешім т е л е г р а ф арқылы жұмысшы және солдат депутаттарының Советіне сол мезетте хабарланды (М.Қуанышбаев, Кек қылышы). 2. Аппараттар (құрылғылар) арқылы алыстан хабар алып не хабар таратып отыратын орын, мекеме. Алматымен аудан орталығынан сөйлесу оңай болғандықтан, Шорман т е л е г р а ф қ а кіріп, өзінің үйін қосуды өтінді (Ж.Жұмаханов, Шұбартау.). Ауданның т е л е г р а ф ы н д а алып-жұлып бара жатқан не шаруа болсын, келушілер жоқ болғасын, коридордағы шамдарды өшіріп тастапты (Қ.Мұханбетқалиев, Тоғай.). Т е л е г р а ф байланысы сым, оптикалық талшық және эфир (радио арнасы) сияқты байланыс жолын құрушы орта арқылы іске асырылады. Т е л е г р а ф негізінен ірі қалаларда, облыс орталықтары мен мемлекет астанасында орналастырылады (ҚҰЭ).