ТЕЛОФАЗА

lat: TELOFAZA

[лат. telophasa] з а т. б и о л. Аналық жасушадан екі жас жасуша түзілетін митоздың соңғы фазасы. Т е л о ф а з а д а клетканың қарамаарсы өрістеріне ажыраған хромосомалар ісініп, көлемі ұлғаяды. Олар таралып, ұзын жіпшелерге айналады (ҚҰЭ). Т е л о ф а з а д а клетканың қарамаарсы өрістеріне ажыраған хромосомалар ісініп, көлемі ұлғаяды, нашар боялады (Қаз. тілі термин. Биология). Полюстерге жеткесін хромосомдар топталып, біртіндеп аралықтары жақындап, қосылып түйіртпекке айналады, екі ядро құрыла бастайды т е л о ф а з а ғ а көшеді (Жалпы биология). Т е л о ф а з а бөлінудің соңғы сатысы. Бұл сатыда хромосомдар полюске жетіп, хроматин жіпшелерінің ауысуы қайтадан басталады (Гистология мен эмбремол.). Қабықшаның өсуі клетка пайда болған кезінен-ақ басталады. Өсімдік клеткалары митоз жолымен бөлінген кездегі оның ең соңғы сатысы т е л о ф а з а (Т.Мұсақұлов, Ботаника).