1 з а т. Төбеге ғана киетін жұқа баскиім, тақияның бір түрі. Тымақ тапты – кенелді, Кеңсенге алып жөнелді. Жаман тымақ бүрісіп, Құлақтары құрысып. Шәрке, т е л п е к серік боп Жатты шкафта құнысып (Ж.Аймауытов, Шығ.). Өлген-тірілгеніне қарамай есі шыға шапты. «Әй, әкеңді, әй, әкеңді…» деп т е л п е г і н бұлғап айқайлап барады. Екпіндей келді де аттан домалап түсті (О.Бөкеев, Үркер). Жұрт жағасын ұстап, кәлималарын қайырып тұр. Кенет әулие адам орнынан атып тұрды. Соңындағы құлаштай шұбалып жатқан сәлдесін лақтырып, әлдебір мақұлқаттардың кішкентай жіліктерін жыпырлатып тізе қадаған дөңгелек т е л п е к п е н қалды (Ә.Кекілбаев, Үркер). Приходько мырза көзінің қиыңғымен Тұрардың құлын жарғағынан тігілген дөңгелек т е л п е г і н е қарап қояды (Ш.Мұртазаев, Қызыл жебе).