з а т. Пойыз, трамвай сияқты көліктер жүруге арнап темірден төселген жол. «Петропавл – Ақмола» аталатын т е м і р ж о л ол кезде Көкшетау қаласына ғана жеткен екен (С.Мұқанов, Есею жыл.). Тек өз атын, шешесінің атын ғана біледі екен. Әйтеуір алда т е м і р ж о л бар дегенге, солай қарай басып бара жатқан адамдар әкеп тастапты (Т.Ахтанов, Боран). Кешегі доңыз жылғы жұттан кейін Семей облысына қараған Павлодар, Қарқаралы үйезінен қос-қос қазақ Сібір т е м і р ж о л д а р ы н д а тас қазуға жалдану үшін елдерінен босып кеткенін көздері көрген еді (М.Дулатов, Шығ.).