ТЕМЕКІ

lat: TEMEKİ

з а т. <nicotiana> 1. ө с. Алқа тұқымдасына жататын жалпақ жапырақты мәдени өсімдік. Т е м е к і биіктігі 90 см. жететін, жайылып өсетін, хош иісті, ақ гүлді өсімдік (С.Тұрдиев, Үй өсімдік.). Республикамызда т е м е к і Алматы облысында өсіріледіаңарған өлке). Шаруашылықтың басқа салаларына қарағанда т е м е к і шаруашылығы жаңа сала болып есептеледі («Лен. жас»). Америка, Австралия мен Полинезияның қоңыржай және субтропиктік белдеулерінде 66 түрі өседі. Көп елдерде, сонымен қатар Қазақстанда да 3 түрі: кәдімгі т е м е к і, мәдени т е м е к і және махорка өсіріледі (ҚҰЭ). 2. Тарту үшін темекі өсімдігінің кептіріліп, үгітілген жапырағынан шиыршықталып дайындалған шылым. Айсұлу. Жоқ қарағым, т е м е к і н і не қылайын жасаған. Хакіматимаға ұсынып). Бәтіш тартатын шығар. Батима. Жоқ, ойбай! (Ж.Аймауытов, Шығ.). Міне, содан бері т е м е к і н і аузыма алмақ түгіл иісі мұрныма келсе зытып жөнелемін (Б.Соқпақбаев, Менің атым Қожа). Угрюлов т е м е к і тартуға рұхсат сұрады… Әп-сәтте үкпелі көк т е м е к і н і ң қоңырсыған ащы исі мүңк ете қалды (Б.Момышұлы, Москва үшін шайқас).