ТЕМЕК

lat: TEMEK

з а т. к ә с. Ауды тартатын құрал. Екінші кішкене қайықпен ауды қараған Асекең, Жұмабай мен Боранбайлар да едәуір бекірені т е м е к к е іліп, «ал, кәне, алайық та», деп тартып жатты (С.Хайдаров, Теңіз самалы). Олар қайықтың суын төгіп бола бергенде Рақаң т е м е к т і оң қолына ұстап, аудың қанатына жақындады («Қаз. әдеб.»).