[лат. tendo] з а т. Үрдіс. 1. қ о ғ.-ә л е у м. Жеке тұлғаның бойындағы немесе қоғамдағы мәдени, саяси және әлеуметтік-идеологиялық көзқарастар мен түсініктердің негізгі бағыттары. Көркем шығармада т е н д е н ц и я автордың қоршаған ортаға идеялық-эмоц. қарым-қатынасы мен осы шындықтың көрінісін көркем бейнелеп беру ерекшелігін айқындайды (ҚҰЭ). 2. ә д е б. Автордың өзі бейнелеп отырған өмір шындығына деген идеялық-эмоциялық қарым-қатынасы, образдар жүйесі арқылы берілген маңызды мәселелерді ой елегінен өткізу, бағамдау. Т е н д е н ц и я дегеніміз өнер туындыларынан көрініс табатын суреткердің әлеуметтік, саяси, идеологиялық, адамгершілік ұмтылыстары (Әдеб. термин. сөздігі). Оптимистік өмірді суреттеу оның барлық шығармасына тән негізгі творчестволық т е н д е н ц и я болып табылады (С.Шарипов, Бекболат). Белгілі сыншыларымыз М.Қаратаев, С.Қирабаев, С.Сеитов, Р.Бердібаев, З.Серікқалиев жолдастар әдебиетіміздің бүгінгі тағдыры туралы жиі-жиі толғанып, пікірлер айтып келді. Бұл мақалалар әрбір жанрдың ерекшеліктері мен даму т е н д е н ц и я с ы жайында өрісті ойлар, келелі кеңестерге толы (С.Мәуленов, Үркер төбеде тұр).