з а т. Жанармайы өз ішінде жанатын двигателі бар локомотив. Паровоздың орнына асау күшпен т е п л о в о з келді (Қ.Ұябаев, Қырдағы қыран.). Т е п л о в о з інгенше боздап, түн тыныштығын бұзды. Вагондар бір сәтке қалғып кеткендей еді, енді бірін-бірі түрткілеп оятып, қозғала бастады (Ш.Мұртазаев, Табылған теңіз). Т е п л о в о з қозғалтқышы жағылған отынның жылу энергиясы механикалық, гидравикалық немесе электрлік күштік беріліс арқылы доңғалақтар жұбын қозғалысқа келтіретін механикалық энергияға түрлендіреді (ҚҰЭ). Үздіксіз жеңіп талқысы, Бір шыңнан кейін бір шыңды ап, Жиырма бес – вагон тартысы Т е п л о в о з д ы ң ырсылдап (Т. Айбергенов, Мен. ғашық.).