з а т. 1. а н а т. Дененің адам мен жануарлар организмін сыртқы әсерлерден қорғайтын жалпы жабыны. Т е р і жабынының көлемі адамның бойына, салмағына және жасына байланысты, орт. есеппен 1,5 – 2 м. Т е р і н і ң ең негізгі атқаратын қызметі – дененің салқындап не қызып кетуінен сақтау, өйткені денедегі жиналған жылудың 80%-ы т е р і арқылы сыртқа шығады (ҚҰЭ). Т е р і жануарлар организмін механикалық, физикалық және химиялық зақымданудан сақтайды (Қаз. тілі термин. Биология). Т е р і – денені сыртынан қаптап тұрған, өте маңызды әрі сан алуан – қорғау, жылуды реттейтін, зат алмасу, бөліп шығару, сезім түйсігі сияқты көптеген міндеттерді атқаратын мүше (Спорт атау. қаз.-ор. түс. сөзд.). Түйелері – қу сүйек. Өркештері бос местей мыжырайып, т е р і с і құрысқан көндей қатпар-қатпар болған (М.Жұмабаев, Шығ.). 2. Сойылған мал не аңның етінен сылынып алынған шикізат. Бірқатар қазақтар шілдеде тон, тымақ, киіз байпақ, т е р і бөрік киеді. Жаз күні т е р і киім киген жарамайды (Х.Досмұхамедұлы, Шығ.). Біз ешкімге тимесек. Бұзақылық емес қой, Құр нақақтан күймесек. Елтірі мен т е р і н і Жақсы қылып илесек (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Аңның т е р і с і н киіп, жегені шикі ет болған даланың аңы сияқты өскен бір жұрт – «индеец» жақсылықты бұрын білген жоқ (М.Дулатов, Шығ.). Қазақстанда әлі толық пайдаланылмай жүрген эфир, май, т е р і илеуге керекті заттар, сабын, витаминдер, дәрі-дәрмектер, алколоид т.б. алуға болатын көптеген пайдалы өсімдіктердің ұшы-қиыры жоқ тоғайлары бар (Қ.Сәтбаев, Қазақстан.).