1 з а т. м у з. ә д е б. Қазақ халық поэзиясы мен музыкалық өнерінде қалыптасқан лирикалық өлең түрі. Нақыл сөз үлгісіндегі т е р м е дидактикалық жанрға жатады. Дәл мағынасы “теріп айту” деген ұғымды білдіреді. А.Байтұрсынов “Әдебиет танытқышта” “Т е р м е деп ат қойылуының мәнісі бұл түрлі шығармалар бір нәрсенің жайынан сөйлеп тұрмай көп нәрсені теріп, сөз қылып өтеді (ҚҰЭ). Жеті жүз елу жылдан соң, Той жасап бүгін дүрлеткен. Біз де келдік алыстан Осы тойға құрметпен. Аруағына Шотаның Т е р м е с і бұл Кененнің Осы тойға сый еткен (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Т е р м е деп ат қойылуының мәнісі: Бұл түрлі шығармалар бір нәрсенің жайынан сөйлеп тұрмай, көп нәрсені теріп сөз қылып өтеді (А.Байтұрсынов, Шығ.). Қалыптасқан лирикалық өлең түрі. Ғибраттылық мәні бар моральдық идеялар тұрғысынан әр нәрсені теріп айтып, бір нәрседен екінші нәрсеге еркін ауысып отыру т е р м е г е айырықша тән қасиет (Әдеб. термин. сөзд.).