[лат. terminus] з а т. Белгілі бір ғылым мен техника саласындағы нақтылы ұғымды білдіретін атау сөздер мен тіркестері. Әр ғылымға аса қажетті басты ұғымдарды, негізгі ұғымдар жүйесін дәл анықтап беретін сөздерді – қалыптасқан т е р м и н д е р д і орнымен қолданудың үлкен танымдық мәні бар (Әдеб. термин. сөзд.). Жаңа шығарылған хұкім нәтиже деп аталады. Нәтиже шығарылған екі хұкім қазия деп аталады. Қазиялар һәм нәтюкенің ішіндегі ұғымдар т е р м и н деп аталады (М.Жұмабаев, Шығ.). Бұл ойлар «Ғылым тілі» мақаласында тереңдей түседі, т е р м и н мәселесі айрықша сөз болып, автор [М.Әуезов] өз ойларын ұсынады (Р.Нұрғалиев, Трагедия табиғаты). Т е р м и н д е р тілдің жалпы лексикалық жүйесінің құрамына нақты терминология жүйе арқылы ғана енеді (Шаңырақ).