ТЕРМИНАЛ

lat: TERMINAL

[лат. termіnalіs] з а т. 1. Көлік желісінің ақырғы немесе аралық бекетінде орналасқан және жүк, жолаушы, жолжүк т.б. тасымалдау кезінде жалпы пайдаланудағы көлік түрлерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін құрылғылар кешені. Әуежай, теңіз және өзен айлағы, жүк автостансасы, контейнерлік т.б. түрлерге бөлінеді. Контейнерлік т е р м и н а л жалпы пайдаланудағы көлік кәсіпорнының, өнеркәсіп орнының т.б. жанындағы ұйымдық жағынан өзара байланыстырылған және контейнерлерді қабылдаумен, қайта тиеумен, сақтаумен, сұрыптаумен, сондай-ақ жүк жөнелтушілерге, жүк алушыларға, жүк тасушыларға т.б. коммерциялық-ақпараттық қызмет көрсетумен байланысты жұмыстар орындалатын арнаулы ғимараттар мен техникалық құрылғылар кешені (ҚҰЭ). 2. Есептеуіш жүйенің құрамындағы ақпаратты жүйеге енгізуге және ақпаратты одан шығаруға арналған ақырғы тасығыш құрылғы. Электронды т е р м и н а л адамның қатысуымен ақпаратты енгізуге және шығаруға арналған электронды құрылғы; банк карталарын пайдаланып операциялар жасауға арналған электронды бағдарламалық-техникалық құрылғы (ҚҰЭ).