ТЕРМИЯЛЫҚ

lat: TERMIaÁLYQ

с ы н. Жылуға, термияға қатысты. Өнеркәсіпте магний электролиттік, т е р м и я л ы қ жолдармен алынады (Қ.Нұрымбетов, Металдар химиясы). Қопару скважиналар станоктармен бұрғыланады. Оларды қирату қуатының әсер ету сипатына қарай: механикалық әсер ету, т е р м и я л ы қ әсер ету және құрама әсер ету станоктары деп үш класқа бөлеуге болады (Т.Қалыбеков, Экология.). Карьердің тереңдеуі динамикалық күш және т е р м и я л ы қ күштер әрекетінің әлсіреуіне, табиғи ауа алмасуының нашарлауына әкеліп соғады (Т.Қалыбеков, Экология.).