ТЕРМОМЕТР

lat: TERMOMETR

рек. therme жылу және metreo өлшеймін] з а т. Температураны өлшейтін құрал. Дене жылылығы «т е р м о м е т р» деген бір құралмен өлшенеді (М.Жұмабаев, Шығ.). Балықты ваннаға жібергенде ерітіндінің жылылығын т е р м о м е т р м е н өлшеп отырады (Т.Телеуғалиев, Балық.). Бұл тұрғыда оптикалық аспаптарға қоса маятникті сағатты, барометрді және т е р м о м е т р д і айтуға болады (А.Көбесов, Матиматика.). Т е р м о м е т р жұмыс принципі заттардың кейбір физикалық қасиеттерінің температураға байланысты өзгеруіне негізделген. Мыс., сұйықтық немесе газды т е р м о м е т р л е р д е зат (сынап, спирт, гелий, азот, т.б.) көлемінің, кедергілі т е р м о м е т р л е р д е металдар мен шалаөткізгіштер кедергісінің немесе терможұптың, термоэлектр қозғаушы күшінің, пирометрлерде заттың барлық жиілік диапозонында монохраматты сәуле шығаруының т.б. температураға сәйкес өзгеруі тіркеледі (ҚҰЭ).