з а т. 1. Пайдалылық, қажеті молдық. Белгілі бір режим сақтаудың, яғни дұрыс тамақтанудың, бір мезгіл дем алып, бір мезгіл серуендеудің де айтарлықтай т и і м д і л і г і бар (Қымыз және шұбат). Жаңа әдістің шаруашылық үшін экономикалық т и і м д і л і г і н і ң өзі бір төбе (Ә.Нұршайықов, Жер туралы жыр). Істелгелі отырған жиһазың халық мұқтажына жарай ма, оның т и і м д і л і г і қандай, осы жағын мұқият қарастыру керек (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері). 2. э к о н. Кәсіпорынның қаржылық қызметінің жалпылама көрсеткіші. Т и і м д і л і к шаруашылықты жүргізудің түпкілікті нәтижелерін пайдадан гөрі неғұрлым толық сипаттайды, өйткені оның шамасы нәтижеліліктің қолда бар және пайдаланылған ресурстармен арақатынасын көрсетеді (ҚҰЭ). Т и і м д і л і к көрсеткіштері кәсіпорынның қаржылық қызметін бағалау үшін және инвестициялық саясат пен баға белгілеу үшін қолданылады (ҚҰЭ).