з а т. т е х. Өздігінен жүк артатын механизм. Өздігінен жүретін астық т и е у і ш ірі қырманда астық тиеуге, астық кептіруге пайдаланылады (ҚСЭ). Ұсақ ағаш материалдар транспортқа транспортер арқылы, ірі ағаш материалдар т и е у і ш т е р немесе көтергіш кранмен тиеледі (ҚСЭ). Т и е у і ш жұмыс істеген кезде ожау жомға трактордың қысым күшімен енеді (Мал бордақылау жұмысын механикаландыру).