ТИП

lat: TIP

1 з а т. 1. Бірнеше адамның мінез-құлық ерекшеліктерін образын көрсететін жинақтау бейнесі. Ғабиден т и п т е р д і де, типтік жағдайларды да өзіміздің совет шындығынан алып өсіп келеді (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.). Әңгімедегі ең қомақты жасалған бейне Бекеннің өз басы мен Сәбира, Бекең ауылдағы нағыз қазақ шалының т и п і («Лен. жас»). Советтік қоғам адамның жаңа т и п і н жасады, бәрінен бұрын мені таң қалдыратыны осы («Қаз. әдеб.»). 2. Үйлес келетін заттар мен құбылыстар тобы; түр, тұлға. Біздің қазір қиын балалар деп есептеп жүрген балалардың т и п т е р і н мінездейді де, сол т и п т е р д і ң әрқайсысының семья жағдайларының қалай қалыптасқанын көрсетедіемья тәрбиесі). Кентау жаңа т и п т е г і жас қала, ағашты, көгалды қала (Б.Тоқтаров, Қыран.). Осы жылдары тұрғын үйлердің қазіргі т и п т е р і н і ң негіздері қалыптасты (X.Арғынбаев, Археол.). 3. з о о л. <phylum> Жануарларды жүйелеуде қолданылатын ең жоғары топ. Әрбір т и п к е жататын жануарлардың бәріне тән ортақ белгілері болады. Шығу тегі, құрылысы, физиологиялық ерекшеліктері ұқсас кластар бірігіп, типті құрайды (Қаз. тілі термин. Биология). Т и п кейде тип тармақтарына жіктеледіаз. тілі термин. Биология). Т и п деген ұғымды ғылымға алғаш рет 1825 ж. француз ғалымы А.Бленвиль (1777-1832) енгізді (ҚҰЭ).