ТИТУЛ

lat: TITÝL

з а т. Арнайы берілетін құрметті атақ, дәреже. Әлі піспеген баласың десем, жатып ашуланасың, т и т у л г е жаның құмар, бірақ оны қалай пайдалануды білмейсің (А.Жұмаділдин, Сең.). Шыңғыс т и т у л д а р д ы прапорщиктен бастап фельдмаршалға дейін орыстың сауатты адамдарындай дәл түсіреді (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). Ендеше, тыңда! Ол Алтын Орда князьдарынан. Тегі татар. Қаһарлы Иван тұсында Романовтар христиан дінін қабылдаған. Князьдің т и т у л ы сақталған (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз).