[tіtanіum] з а т. Элементтердің периодтық жүйесінің ІV тобындағы химиялық элемент; ең мықты және төзімді металл. Қазақстан марганецтің, молибденнің, көмірдің, калий және басқа да минерал тұздарының, жаңа техникада өте маңызды роль атқаратын никельдің, т и т а н н ы ң, кадмийдің, индийдің, сол сияқты тағы басқа толып жатқан элементтердің қоры жағынан да СССР-да алдыңғы қатарлы орындардың бірін алып отыр (Қ.Сәтбаев, Қазақстан.). Құрамында т и т а н ы бар 70-тен астам минералдардың ішіндегі ең маңыздылары: рутил (оның түрөзгерістері анатаз бен буркит), ильменит, титаномагнетит, перовскит, лопарит, титанит (сфен), лейкоксен (ҚҰЭ). Т и т а н н ы ң газдарды алатын қасиеті вакуумдық техникада пайдаланылады (Қаз. тілі термин. Кен.).