ТОҒЫСУ

lat: TOǴYSÝ

1 э т н. Тоғыс2 етістігінің қимыл атауы. Айдың Үркерді басып өтуі. Жаздың басында Үркер аспан сферасының екінші жақ жартысына (көкжиектен төмен) кетеді де, Жер шарының солтүстік жартысындағы елдерге 40 күндей көрінбейді. Қазақтар бұл жөнінде: «Үркер 40 күн жерде жатады» деген. «Жерде жататын» кезінде Үркер Аймен 2 рет т о ғ ы с у ғ а тиіс, бірақ олар көзге көрінбейді. Үркерді бір жаңасындағы Ай орағы жауып өткеннен кейінгі 4 апта уақыт бір тоғыс айы деп аталады. Сондай-ақ 3, 5, 7,…25 тоғыс айлары болады, бәрі де 28 күннен. Т о ғ ы с у үнемі тақ санға келе бермейді, 4 тоғыс, 6 тоғыс, т.б. болуы да мүмкін (ҚҰЭ).