ТОҒЫСУ

lat: TOǴYSÝ

2 Тоғыс3 етістігінің қимыл атауы. 1. Түйісу, тоқайласу. Сай-сала мен жылғада тарамданған қар суы қыстақтың оңтүстік іргесіндегі асау өзен арнасында т о ғ ы с у ғ а асыққандай сарқырап ағып жатыр (3.Жәкенов, Таң самалы). Тулап аққан үш тау суының дәл бір жерге келіп т о ғ ы с у ы н а Жекей әлдебір қасиетті нәрседей сүйсініп қарады (Б.Нұржекеев, Бір ғана махаббат). 2. Кездесу, ұшырасу. Қаланың тарихи орындарын аралап, қайтар мезгілде орталық алаңда т о ғ ы с у ғ а келістік (Қ.Тұрсынқұлов, Алыста.). Қатар аққан қос өзен сияқтымыз қазір біз, Т о ғ ы с у ғ а әзірміз, табысуға әзірміз (М.Шаханов, Ғасырлар.).