ТОФУ

lat: TOFÝ

соя сүзбесі. Соя бұршақтарын тазалап, ұнтап, салқын сула бір тәулік ұстайды. Содан соң суын ағызып, үстіне қайтадан таза су құяды (500 г сояға 11,5 л су) да, 1 г ас содасын салып қатты жанып жатқан отқа қояды. Қайнатуға жеткізген соң отты азайтып 30 минут бұқтырады. Содан соң бұршақтарды басқа ыдысқа салып салқындатады да, қатқанша ұстайды. Қатқан массаны кесектерге бөліп мұздай суға екі сағатқа салып қояды.