1 з а т. 1. э т н. Адамның дүниеге келуі, үй болуы, не түрлі қуанышты кезеңдерін атап өту дәстүріне сәйкес өткізілетін дүбірлі, қазақ халқының мәдени өмірінде ерекше орын алатын салтанатты жиын [қазақтың дәстүрлі тойына әдетте той иесінің отбасы, жақын туысы, көрші-қолаңы, алыс-ағайыны, құда-жегжаты, дос-тамыры, ауыл-аймағы шақырылады, әрбір қуанышты оқиғаға қатысты той суенарийі әртүрлі болады, қалыптасқан әдет-ғұрыптар бойынша өзіндік ырым-жоралғы, жал-жосыны, тарту-таралғы, сый-кәделерімен атқарылады]. Т о й болса тон киелік, жүр, баралық, Бірімізді біріміз аударалық. Ат арықтар, тон тозар, қадір кетер, Күлкіні онша күйлеп, шуламалық (Абай, Тол. жин.). Береді тойға жас сән, жасқа т о й сән, Өленді айта алмайсың асқа тойсаң: Өленді он екі алуан қаптатайық Осындай бас қосқанда қасқа-жайсаң (Қара өлең). 2. Біреудің мерейлі қуанышы не бір салтанаттың, мерекенің құрметіне байланысты өткізілетін жайылған дастархан, дүбірлі, қуанышты жиын, думан. – Ән демекші, мектеп т о й ы н а арнап сауық кешін өзірлеу керек-ау - деді мұғалім (Б.Майлин, Шығ.). Ол күнді жаңа жылдың басталған күні яғни «ұлыстың ұлы күні» деп т о й жасайды (М.Ғабдуллин, Қаз. ауыз әдеб.). Азербайжанды аралап Низами т о й ы н а н оралған сапарында сол кезде Қостанайда тұрған Қасым телеграмма берді (С.Мәуленов, Үркер.). 3. а у ы с. Кең, дарқан (көңіл). Достық үшін қол жетпестен құс ілген Көкірегім ұлы дарқан т о й мынау. Кейбір жанның ақ ниеті үшін мен Құрбан болсам деймін-ау (Т.Айбергенов, Мен. ғашық.).