ТОЙ

lat: TOI

2 е т. 1. Лықия ішіп-жеу. Маған көнбе, қуға көн, солар жесін, Тапқаныңды соған бер, т о й д ы м десін. Толтыра алмай түпсізге күнде құйып, Таусылғанда береді неменесін? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Шолпандай жарқыраған ай астында Қылығы қыздан сұлу таңырқатты. Қарны жоқ қара жердің «т о й д ы м» дейтін Барады жалмап не бір асыл затты азар жырау, Шығ.). Әбден т о й ы п алғаннан кейін ғана барып, анадай жерде жатқан киікті көтеріп алды да, шың басындағы ұясына қарай шырқай жөнелді (I.Есенберлин, Алмас.). Бай айтты: «Ей, жігіт, жүрсің қайдан, Сұңқардай топшыларын жемге т о й ғ а н, Қазақтың жас баласы, жұмысыңды айт, Түсті ме қайыр сұрап, басыңа ойран (О.Шипин, Дастан.). 2. а у ы с. Мықтап ішкілік ішіп алу. Немене ішіп алғансың ба? деп бұрқ етіп еді, иә, т о й ы п қайттым дедім қылығына қарсы боп жатқанымды жасыра алмай (Б.Нұржекеев, Күй.). 3. а у ы с. Әбден ығыр болу. Ал, жеңге, - деді Қаныш Гүлмираға кешеден бері өзіңізге т о й ы п болдым (Қ.Исабаев, Өткелде). «Уа, мырза! Мұның не қылғаның тапа тал түсте деуге оқтала беріп осы иттерден-ақ көресіні көріп т о й д ы м-а у деп қанын ішіне тартып, сұрланып алған-ды (С.Нарымбетов, Тентек). // Болымсыз тұлғада ашкөздену, құнығу деген мағынаны білдіреді. Отырып алтын, күміс ортасында, Т о й м а й т ы н несі дейтін мал мен баққа?! Бір күні шаршаған соң демін алып, Отырып ой жіберді әрбір жаққа (А.Байтұрсынов, Шығ.). Кей адам ешбір т о й м а с, құйсаң толмас, Қақпанға ондай адам түспей қоймас. Әділ жұрт ғасыр бойы сынап келген, Жақсының ел сыйлаған атын жоймас (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 4. а у ы с. Мейірі қану, құмардан шығу. Көңілдің езіменен әні бірге, Келеді жан досындай әлі күнге. Байып та кеткеміз жоқ жұрт айтқандай, Т о й ы п та кеткеміз жоқ бұл өмірге (Толдағалиев, Шақырады.). Әсте жаны қызыруға, қиялдауға т о й м а ғ а н, Балалық-ай, алау оттың жалынымен ойнаған. Сарабына салмай жатып сезім менен ақылдың, Қолға аттестат алған күні киноға оны шақырдым (М.Шаханов, Ғасырлар.). Көк сеңгірдей көркем, сұлу ойларым Ұсақталды, шашылды әрі тарыдай. Күлкіне де қанбадым, не т о й м а д ы м, Кетем білем қуанышқа жарымай (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә.).