з а т. ф и з. Өткізгіш бойында қозғалып тұратын электр қуаты. – Сөйтіп бүкіл Қарағанды бір турбинаға қарап қалды, ал ол жүрмей қалса, т о к п е н жүретін механизмдер тоқтап қалатын болды (Қ.Әміров, Өшп. жұлдыз.). Зиябектен көріп үйренген әдетімен т о к тетігін ағытып қайта жалғап, қырғы жүзін ауыстырып, сыртқы қырын дұп-дұрыс шығарды (С.Бегалин, Сәтжан). Анау электр т о к т а р ы н арқалап келген алып діңгектер бұрын түсімізге кіріп пе еді? (Ә.Тәжібаев, Хаттар сөйлегенде). Т о к т ы ң қуаты көп болған кезде іске қосылатын релесі бар, бірнеше рет пайдалануға болатын автоматты тоққағары қолдану балқымалы тоққағарларға қарағанда әлдеқайда тиімді болып есептеледі («Шаңырақ» энцикл.).