ор. з а т. Темір ұста (темір, ағаш тетіктерді жонатын істің шебері). Станокті бала жігітке ұстатып, қасында жай тұрған мосқал орыс т о к а р і н і ң мазасы жоқ (Ғ.Мұстафин, Қарағанды). Ержұмат әскерге баратын болды, ол үш жылдан бері мына заводта т о к а р ь болып істейтін (С.Бегалин, Сәтжан). Бұл кісінің аты Анатолий, – деп таныстырды ол. – Депода т о к а р ь болып істейді (Т.Дәуренбеков, Біз. кездес.).