2 з а т. 1. Әділетсіз іске қарсы білдірілген жаппай наразылық. Көпшілікте т о л қ у бар, бірақ қарулы топтан қорқады, өздері де айдауда кетіп бара жатқанмен тең (Т. Тілеуханов, Өмір.). 1835 жылғы Башқұрттағы көтерілістер, 1837 жылғы Пермь губерниясындағы орыс шаруаларының т о л қ у ы осылай басталды (И. Кенжалиев, Тайман ұлы.). 2. с у ш а р. Су бетінің тербелмелі қозғалысы, жал-жал толқын. Т о л қ у – ай мен күннің тартылыс күштерінен, желдің әсерінен атмосфералық қысымның ауытқауларынан, су асты жер сілкіністері мен жанартау атқылауларынан немесе кеме қозғалыстарынан пайда болатын теңіздер мен мұхиттардағы сулы ортаның тербелмелі қозғалысы ( Сал. терм. сөз.Су шаруашылығы).