1 Толқы етістігінің қимыл атауы. 1. Өзгеру. Бөлімше меңгерушісінің басында ой ағымының осылай т о л қ у ы н а себеп күн ажарындағы жайсыздық белгісі еді (Ұ.Доспанбетов. Қардағы гүл). 2. Күдіктену. Осынау жым-жырт тыныштық, мынау жарықтық түн менің т о л қ у ы м д ы бірте-бірте күшейтіп барады (Б.Мұқаев. Өмір арнасы). 3. Сағыну. Туған жер, ризамын тұрсаң күтіп, Келтірмей жатыр т о л қ у мұршамды түк. Мен саған салт ат мінген жолаушыдай, Келемін құс Жолынан нұр шаңғытып (Т.Айбергенов, Мен. ғашық.). 4. Ішкі сезім. Іштегі т о л қ у бетімнен де саз берді ме, жаныма келіп отырған Ақбаян маған күлімсірей қарады (І.Есенберлин. Алтын құс). 5. Қобалжу, екіұдай болу. Ақыл жеңіп тоқтатты Қорқу менен т о л қ у д ы. Кенет сүңгіп жөнелді Тұңғиыққа толқынды (Қ.Жармағамбетов. Дәурен). 6. Абдырау, не істерін білмеу. Егер дәлел мен қарсы дәлелдің күші бірдей көрінсе, адамда толқу пайда болады (М.Жұмабаев, Шығ.). Жылатқан жоқсың талайды, Жырыңды жауыз оқ та атып, Дүние саған қарайды, т о л қ у ы н бір сәт тоқтатып (М.Мақатаев, Шығ.). 7. Толқын, бұйра. Ойланып тұрсың, толғанып, Т о л қ у бар бұйра шашыңда. Барады тұлғаң зорланып, Ғасырды аттап, ғасырға (К.Салықов, Жезкиік.).