з а т. 1. Саны жеткілікті болғандығы, толықтық. Мұнда, ең алдымен, шәкірттер білім алып, оның үстіне кластардың т о л ы м д ы л ы ғ ы қамтамасыз етілген болар еді (Қаз. мұғ). 2. Пайымдылық, қабілеттілік, салиқалылық. Әмзеде сүйсіну де бар, мұнша т о л ы м д ы л ы қ т ы Мәликеден қызғану да бар (Д. Әбілев, Баянауыл баурайында).