ТОЛЫҚ

lat: TOLYQ

2 с ы н. 1. с ө й л. т о л ы. Қайдағы су, түнде өз қолымызбен осында жинадық, қаптардың бәрі т о л ы қ болатын (Ә. Сәрсенбаев, Толқында.), Мектептен қайтарымда азық-түлік дүкенінің жанынан ұшырасады, қолындағы сумкасы т о л ы қ болады (А. Жұмаділдин, Сең.). 2. Толыққанды, жеткілікті. Біз егер өзін бақылау жолымен басқа адамдардың жан көріністерін бақыламасақ, біздің жан көріністері туралы біліміміз т о л ы қ болмас еді (М. Жұмабаев, Шығ.). һәр уақытта балаларды т о л ы қ жауап беруге әдеттендіру керек. Мақаланы бөліп оқытқанда, һәр сөйлемді, һәр балаға оқыттырарға, сауалдарды да әрқайсысына кезек берерге керек. Әр бала оқығанда басқалары зерттеп кітаптарына қарап отырарға керек (М.Дулатов, Шығ.). 3. Етжеңді келген, семіз. Қолымен төс етін сипағанда төс еті т о л ы қ, қалың болса, әлі еті семіз болғаны (Ш.Айманов, Қыран туралы хиқая). Өзі т о л ы қ, ірі сүйекті, қызыл шашты, бетінде сары секпілі бар, көзі көк, жасы отыздың шамасында болса керек (С.Шарипов, Шығ.). Өрешенің алдында, т о л ы қ келген ақсары әйел бауырсақ кесіп отыр екен (Қ.Жұмаділов, Көкейкесті).