3 е т. 1. Үстемелеп қосылғаннан толыға, молая түсу. Соңғы 7–8 жыл ішінде біздің жаңа мақал-мәтелдеріміз газет-журнал, жалпы баспасөз жөніндегі нақыл сөздермен т о л ы қ т ы (М. Әлімбаев, Өрнекті сөз.). Халықтар тарихы көбіне көрнекті, тіпті онша үздік емес билеушілердің, төрешіл және билікті басшылардың қызметімен т о л ы ғ а т ү с е д і (Назарбаев Н. Тарих толқынында).Осы бетпен жасақ т о л ы ғ ы п, жараққа да молығып, Қасым партизан құрамасына қайтадан сапар шеккен-ді (Ғ.Сыланов, Замана.). 2. Өсу, жетілу, кемелдену. Бірақ ақыл-ойы т о л ы қ қ а н сайын, өмір сырына үңілген сайын табиғатында жұмсақ, көңілшек жанын әлдебір қаттылық пен мейірімсіздік түрпідей батып қинайтынын сезетін (Т.Әбдіков, Ақиқат). 3. Көңілі орнына түсу, көңілі көншу. Әлде менің маңдайымның соры бар, Әлде бүкіл әйелдердің ойы тар. Әлде өзім жан жақпайтын қазымыр, Қам көңілім қашан менің т о л ы ғ а р?! (Ж.Аймауытов, Шығ.).