ТОНАЛЬДЫҚ

lat: TONALDYQ

с ы н. м у з. Белгілі бір тональға тән. Тіпті Нарымбет пен Жиренше бастаған қуғыншылардың сахнаға шығуын композиторлар күтпеген жерден фа мажордан ля мажорға ауысқан т о н а л ь д ы қ өзгеріс арқылы береді (Ж.Рсалдин, Ахмет Жұбанов). Т о н а л ь д ы қ лад дыбыстарының жоғары не төмен орналасуы. Ладтың тоника атымен аталуы (Қ.Қуатбаев, Қысқаша муз).