с ы н. 1. Үстіне тон киген, тоны бар.– Беу, қайран арақ-ай, бойға тарап алған соң буыныңды босатып, қай-қайдағыны еске түсіреді-ау,– деді т о н д ы кісі, мүсәпірем күліп (С.Адамбеков, Көсе.).– Бір өзіме алақандай жер берсең, егінді жұртқа қосылмай-ақ салмаймын ба?– деді Қаныштың сөзін бар ынтасымен тыңдап отырған жыртық т о н д ы Әбдірахман (Т. Оразов, Қаныш.). 2. ж е р г. Қауызды. Таза бидайды қамбаға жіберіп, т о н д ы бидайды тазалауға қалдырдық (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі). 3. а у ы с. Әдемі, жақсы киінген, сырт киімі келісті. Айт аттынікі, той т о н д ы н і к і (Қаз. мақал.). Осы отырған т о н д ы л а р д ы ң әрқайсысы да болмасын, менің арманым сияқты армандар бәрінде бар сияқты (Б.Тұрсынбаев, Ауылда.).