ТОНДЫҚ

lat: TONDYQ

з а т. Бір тонға жарарлық. Дүйсенбі қарағым, бір т о н д ы қ елтірі ешкімнің қазынасын толтыра қоймас, әлгіде айттым ғой адал ақшамызға сатып аламыз деп (Д. Досжанов, Кісі ақысы). Тондық ала байлаған Тоқал торы ат жайлаған, Тобығына тондық ала байлаған, Хандар шыққан төбедей, Қабырғадан бүтін сүбедей, Аударылмас қара кемедей, Қанды ауызға сырлап салған жебедей. (Шалкиіз // Алдаспан).