з а т. 1. Адамға және күш-көлікке арналған жер асты жолы. 2. Су жинауға арналған жер асты құбыры. Қолы жұмыстан қалт босай қалған жұрттың бәрі өзеннің жаңа арнасының жағасына үймелеп, жасанды теңізге су жинау үшін т о н н е л ь қақпаларының қалай түсірілгенін көзімен көрді (С.Ақтанов, Қапшағай хиқаясы). 3. к е н. Екі шетінен жер бетіне шығатын, терең карьерлердің кен массасын теміржол, автомобиль немесе конвейер көліктерімен тасуға немесе су жүргізуге арналған жазық немесе көлбеу жер асты кен қазбасы.