1) Солтүстік Америкада өсірілетін түбір тамырлы өсімдік. Құрамында фосфор мол. Шикілей немесс қайнатып езгілеп немесе үстіне пияз, сарымсақ, петрушка және т.б. татымдықтар қосып жеуге болады. XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап француз және халықаралық асханалар мәзіріне ресми түрде кірген;
2) тамыр-жемісті, жеуге жарайтын түбірі бар, күнбағыс тұқымдасы, күрделі-гүлділер тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік. Түбірінде қанттың мөлшері көп. Топинамбур түйнектерін ірі өскіндер жапқан, ұзынша цилиндр тәрізді немесе ұршық тәрізді формалы, сары, ақ, қызғылт немесе күлгін түсті; жұмсағы ақ, шырынды, тәтті. Топинамбурда 20 % инулин, 1,5-3 % азотты заттар, 2-5 % сахароза бар. Топинамбурды малға жем ретінде, спирт, инулин алу үшін және қуырып тағам ретінде қолданылады.