ТОПТАУ

lat: TOPTAÝ

Топта етістігінің қимыл атауы. Ол қойшы, етікшілер тобынан кедейлер ұйымын т о п т а у д ы қолға алды (С. Бегалин, Замана.). Қосылғыштарды кез келген тәсілмен т о п т а у ғ а болады (Алгебра). Мен әсте олай деп отырғам жоқ. Қазір қазақ әдебиеті бас –аяғын жинап, күш т о п т а у үстінде (Х.Жұмаділов, Саржайлау).