з а т. 1. Тақырыбы мен мазмұны жағынан өзара жақын шығармалар жинағы. М.Тұрсынзада Пакистанды аралап көруден алған әсерлерін «Мен азат шығыстанмын» деген өлеңдер т о п т а м а с ы н д а үлкен ақындық қуатпен суреттейді (Р.Бердібаев, Достық.). Ақынның «Күміс кірпіктері» т о п т а м а с ы н а енген күрделі шығармасы – «Әділдік үкімі» поэмасы («Қаз. әдеб.»). Жазушы т о п т а м а д а ғ ы әр повесінде бұл проблеманы әр қырынан суреттеген («Қаз. әдеб.»). 2. Заттар жиынтығы, тобы. Эрос айналасында биылғы ақпан айына дейін ұшып, зерттеу жүргізген зонд – жаңа үлгідегі, аса қымбат емес аппараттар т о п т а м а с ы н ы ң тырнақалдысы. 3. и н ф. Ортақ қасиеттері бар объектілер жиынтығы; үйлесімді компьютерлік немесе программалық өнімдердің жиынтығы.