lat: TOQÝ
Тоқы етістігінің қимыл атауы.
1. Иірілген жіпті түрлі әдіспен шалып торлау арқылы жейде, шұлық т.б. бұйым жасау.
Өрмек – халықтың қолөнердің тоқу ісінде қолданылатын өте қарапайым әдісі (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері).
– Біз сендерге жұмыс тауып бергіміз келеді, майдандағы әскерге жіберуге шұлық, қолғап тоқу керек (Б.Соқпақбаев, Өлгендер.).
– 2. Сымнан, шиден т.б. ұзынша затарды қиюластыру арқылы сал, қоршау т.б. жасау.
3. ауыс. Алған білімді, тәжірибені санаға құю, ұғып алу.
Ерлерім тойлап көктемді,
Еңбекке ғана жүгінді.
Тарихқа жүктеп өткенді,
Тоқуым керек бүгінді (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).
Мәлике асыл бала ғой... жақсы ер жетті. Оқуы да, тоқуы да келіскен бала (Д.Әбілев, Арман.).