lat: TOQÝSHY
зат. Тоқу ісімен шұғылданатын кісі.
Күміс сырын зергер, кілем сырын тоқушы біледі деген емес пе, Курганов та өз ісінің сырына қанық адам (Б.Момышұлы, Москва.).
Кейіннен өнеркәсіп бұйымдарының көптеп шығарыла бастауына байланысты өрмек тоқушылар азайды (С.мұқанов, Халық мұрасы).
Ол Алматыдағы шұлық фабрикасының тоқушысы Лиза деген қыздан хат күтіп жүретін (М.Сәрсекеев, Жетіжылдық.).
Тоқушы, не етікші
Түк түсінбей қалады.
Бір аяғың Екінші
Аяғыңды шалады (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).