ТОРҚА

lat: TORQA

1 з а т. 1. Ең қымбат жібек мата. Іштері Самарқант пен Бұқардан тоғыз керуенмен тасылған қырмызы қызыл кілем, дүрия, т о р қ а жібектен тысталған мамық жастық, түбіт көрпелермен безенген (I.Есенберлин, Алмас.). Шапан жапса және де т о р қ а болар, Т о р қ а шапан тоғызға орта болар. Ең аяғы болса да тай-тайынша, Қонақасы, күндікке сорпа боларанақ ақын, Рүстем төреге.). Той жасап, т о р қ а төсеп шабылмаған, Демек тойдың жабдығы табылмаған Өмір дейтін өзгермес мекеменің Алдында әжем мені қабылдаған (М.Мақатаев, Шығ.). 2. а у ы с. Жанға жайлы, сүйкімді; жұмсақ. О, т о р қ а мекен туған жерім! Еркін көшіп, ел жайлаған қадірлі өлкем (Ө. Қанахин, Жер бас.). Келдік біз... Жайқал да жай жапырағыңды, Жайнатар жаз әкелдік атырабыңды. Біреуі туысыңның қазақ ұлы, Жата қап сүйдім т о р қ а топырағыңды (С. Сейітов, Жаңғырық). 3. ж е р г. Кенеп. Т о р қ а сөзі бұл елде жібек мағынасында қолданылатын еді (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі).